Қазақстанның Украинадағы елшілігін толық көшіру жоспарда жоқ. Елшілік уақытша Польшаның астанасына ауыстырылған. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хабарлады.
Министрдің айтуынша, Украинада 200-ге жуық Қазақстан азаматы бар.
"Украинадағы қазіргі жағдайды білесіздер. Біз дипломаттарымыздың өмірін қатерге тіге алмаймыз. Сондықтан қазір оларды көшіру мәселесін ойластырып жатырмыз. Ал Киевте консулымыз қалды, ол біздің азаматтарымызды қабылдап жүр. Эвакуацияяға қатысты көмек сұрайтындар бар. Сол себепті, елшілікті уақытша жабу немесе толық көшіруге болмайды", деді министр.
Министр Украинадағы Қазақстан азаматтарын Польша мен Молдова арқылы эвакуациялауға мүмкіндік бар екенін жетткізді.
Пікір қалдыру